Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1905 жылы Харьков облысы Первомай ауданының Берека ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Семей қаласында еңбек етті.
Майданда 1942 жылдан бастап 524-ші атқыштар полкінің рота командирі ретінде болған. 1945 жылдың қаңтар айында Шрейберсдорф ауылының Польша тұсында Одер өзенінен өту кезінде көзге түсті. Аға лейтенант Стрельниковтің басқаруындағы рота 100-ге таяу гитлершілерді, 7 пулеметті құртты, тұтқындар мен көптеген соғыс техникасын қолға түсірді.
1945 жылғы қаңтар айында Ламперсдорф елді мекені (Польша) үшін болған ұрыста қаза тапты.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10-сәуірдегі Жарлығымен Е.С.Стрельниковке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 2-том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.