Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Багратионовқа аулында дүниеге келген.
1944 жылдан бастап 3-ші Белорус майданында 45-ші атқыштар корпусы 958-ші өздігінен жүретін артиллерия полкінің құрамында соғысқан. Шығыс Пруссиямен аралықтағы шекарадағы шайқастарда өздігінен жүретін қондырғыларды шебер қолданудын, ерекше ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсете білді. Оның басқаруындағы өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының экипажы жаудың 9 танкісін, 2 өздігінен жүретін зеңбірегін, 7 бронетраспортерін, 5 мином(тін, 12 пулеметін жойды.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 – наурыздағы Жарлығымен В.А. Колесниковқе Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 186і.