Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Камоликов Дмитрий Тимофеевич
(1923 - 1977)


1923 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Бородулиха ауданының Богословка ауылында дүниеге келген.
Майданда 1942 жылдың наурыз айынан бастап болған. Батыс және 2-ші Украин майдандарының құрамында ұрыстарға қатысты. Соғыса жүріп Украина, Молдавия, Румыния, Венгрия жерлерінен өтті. Жауынгер Камоликов 1944 жылғы 5-қарашаға қараған түні алғашқылардың бірі болып Тисаселлш елді мекенінің (Венгрия) тұсында Тисса өзенінен өтті.
Ленин орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24-наурыздағы Жарлығымен Д.Т.Камоликовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу