Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1919 жылы Харьков қаласында дүниеге келген. 1932 жылы Қазақстанға қоныс аударған.
Майдан шебінде 1942 жылдың наурыз айынан бастап болған. Қазақстанда жасақталған 73-ші гвардиялық атқыштар Сталинград дивизиясының қатарында даңқты жауынгерлік жол жүріп өтті. Сталинградты қорғауға, Украинаны азат етуге қатысты.
Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
Кировоград облысында неміс қорғанысын бұзу кезінде қаза тапты, Водяна ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26-қазандағы Жарлығымен гвардия аға лейтенанты В.А.Засядькоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Семей қаласының Батыр оқыған №1 мектебінің ғимаратында ескерткіш тақта ілінген, қала көшелерінің біріне В.А.Засядьконың есімі берілген.
Семей өлкетану мұражай қоры