Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
Зарудин Юрий Федорович (до 1972 года - Занудин)
1923 жылы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Бородулиха ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1942 жылдың ақпан айынан бастап болған. 459- атқыштар полкінің аға лейтенанты Ю.Ф.Занудиннің басқаруындағы ротасы алғашқылардың қатарында Днепр өзенінен өтіп, оң жағадағы плацдармға бекінді және өткел құрылысын оқ жаудыра отырып қорғады.
Ленин, Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, ІІІ дәрежелі Суворов, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24-наурыздағы Жарлығымен Ю.Ф.Занудинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 1 том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.
Зарудин Ю.Ф., Ресей батырлар қауымдастығының вице-президенті, РФ жанындағы Ресей мемлекеттік әскери тарихи-мәдени орталығы алқасының мүшесі, батыр қала Мәскеуде тұрады. Қазіргі кезде «Звезда» («Жұлдыз») Ұлы Отан соғысы қатысушылары Кеңес Одағының батырлары қорының Президенті болып қызмет атқарады.