Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Ефремов Дмитрий Иванович
(1926 - 2005)

1926 жылы Молдаван АКСР Атяшив ауданының Пашино ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1943 жылғы қараша айынан бастап болған. 2-ші Белоріс майданының 380-ші армиялық дивизиясы 68-ші атқыштар полкінің құрамында,содан кейін 3-ші Белорус майданы Суворов орденді 70-ші Жоғарғы Днепр атқыштар дивизиясының құрамында соғысты. Өзін батыл, ержүрек, ерлікпен аты шыққан мерген, пулеметшілер взводының командирі ретінде көрсете білді. Кенигсберг қаласына жасалған шабуыл кезінде фашистердің Пиллау теңіз айлағына қарай шегінетін жолын кесуге командование берген тапсырманың орындалуын ерлікпен қамтамасыз етті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 19-сәуірдегі Жарлығымен Д.И.Ефремовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1955 жылы отбасымен Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласына көшіп келді.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 18і.; 809 қ., 1т., 179і.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу