Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1925 жылы Алтай өлкесінің Таулы Алтай автономиялық облысы Усть-Кан ауданының Тұрата ауылында дүниеге келген.
1943 жылғы шілде айынан бастап Воронеж майданында 6-шы гвардиялық Қызыл тулы атқыштар дивизиясының 25-ші гвардиялық полкі пулеметшіліер бөлімшесінің командирі ретінде соғысқа қатысты. Десна, Днепр және Припять өзендерінен өту кезінде ерекше көзге түскен. Плацдармға ылғи да бірінші болып аяқ басып, пулеметінің мерген оғымен оны ұстап тұруды қамтамасыз етіп жүрді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16-қазандағы Жарлығымен Ж.А.Елеуісовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында тұрған.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т.,179і.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 1 том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.