Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
Гуляев Сергей Константинович
(1921 - 1986)
1921 жылы Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1942 жылдың мамыр айынан бастап болған. Орел-Курск иінінде неміс-фашист басқыншыларын күйретуге қатысты, Днепрден өтті, Тернопольды алды, Львовты азат етті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 23-қыркүйектегі Жарлығымен С.К.Гуляевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1946 жылы Лениногор қаласына оралды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 16і.; 809қ., 1т., 178-179і.і.