Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
Вахонин Григорий Иванович
(1919 - 1973)
1919 жылы Алтай өлкесі Зарин ауданының Яново ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1941 жылдың желтоқсан айынан бастап болған. 1943 жылғы 29-қыркүйекте Чернигов облысы Радуль станциясының түбінде 5 гитлершілді тұтқынға алу кезінде батылдық пен ерлік көрсетті. 1943 жылғы 1-қазанда Днепр өзенінен өту кезінде жаудың 2 пулеметін жойып, барлаушылар ротасының аман-есен өтуін қамтамасыз етті.
Ленин орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15-қаңтардағы Жарлығымен Г.И.Вахонинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1965-1973 жылдары Семей қаласында тұрған.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты