Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Васильев Тимофей Петрович
(1918 - 2004)

1918 жылы Шығыс Қазақстан облысының Белокаменка ауылында дүниеге келген.
Майданға 1942 жылдан бастап барлау взводы командирінің көмекшісі ретінде қатысқан. Киев түбінде соғысты, Карел майданындағы ұрыстарға қатысты. 1944 жылғы 9-қазанда Титовка өзенінен өті кезінде атқыштар бөлімшесінің командирі Т.П.Васильев нағыз ерлік көрсетті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24-наурыздағы Жарлығымен Т.П.Васильевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Өскемен қаласына оралды.


Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 12і.; 809қ., 1т., 176і.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу