Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
Васильев Андрей Александрович
(1898 - 1945)
1898 жылы Орынбор облысының Кондуровка ауылында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысында тұрған.
Майдан шебінде 1942 жылдан бастап болған. Воронеж және 1-ші Украин майдандарында соғысқан, бөлімше басқарған, атқыштар взводы командирінің көмекшісі болған. 1943 жылғы қазан айында Новые Петровцы ауылының түбінде болған ұрыста ерекше көзге түскен.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10-қаңтардағы Жарлығымен А.А.Васильевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылғы 17-қаңтардағы шайқаста қаза тапты.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 13і.; 809қ., 1т., 176і.