Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Буторин Виктор Васильевич
(1898 - 1974)

1898 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1943 жылдан бастап 62-ші гвардиялық атты әскер полкі қылышшылар взводының командирі болған. Сталинград және Орталық майдандардағы шайқастарға қатысып, үш рет жараланған. Днепр үшін, Чернигов облысының Перше Травня ауылы үшін болған шайқастарда көзге түсті.
Қызыл Ту орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15-қаңтардағы Жарлығымен В.В.Буторинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Семей өлкетану мұражай қоры

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу