Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Урзля Владимир Матвеевич
(1917 - 1945)

1917 жылы Алтай өлкесі Ребрихин ауданының Клочки ауылында дүниеге келген. Соғыстың алдында Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Белағаш кентінде жұмыс істеген.
Майданда 1942 жылдан бастап болған. 504-ші миномет полкінің штаб бастығы, майор Урзля 1945 жылдың сәуір айында Долна Лгота ауылының (Чехословакия) маңында көзге түсті. Алдыңғы шептегі байқау пунктін қорғау кезінде жаралы болса да соңғы оғына дейін жаумен шайқасқан болатын, алайда жау қолына түсіп қалған оны фашистер аюандықпен өлтірді.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 15-мамырдағы Жарлығымен В.М.Урзляға қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу