Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1914 жылы Қостанай қаласында туған. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына Семей қаласының аудандық әскери комиссариаты шақырған. Майдан шебінде 1944 жылдан бастап болған. 172-ші гвардиялық атқыштар полкі автоматшылар ротасының командирі, гвардия капитаны Болтаев Одер өзенінің сол жағалауындағы жау қорғанысын бұзып өту және Зелов қаласын (Германия) алу кезінде ерекше көзге түсті. Ленин, Александр Невский, I және II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31-мамырдағы Жарлығымен аға сержант Г.С.Болтаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 1 том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.