Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
Батиньков Сергей Алексеевич
(1920 - 1985)
1920 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Майдан шебінде 1942 жылдың шілде айынан бастап 208-ші шабылдаушы авиаполктің эскадрилья командирі болды. 1945 жылдың наурыз айына капитан Батиньков 129 жаунгерлік ұшуларды жүзеге асырды. Брянск, Воронеж, Оңтүстік Батыс, 1-ші және 4-ші Украин майдандарында шайқасқа қатысты. Жаудың Доннан Одерге дейінгі өткелдеріне шабуыл жасады. Ленин, Қызыл Ту, I дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29-маусымдағы Жарлығымен капитан С.А.Батиньковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Семей өлкетану мұражай қоры