Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1917 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Шұбартау ауданының Баршатас ауылында дүниеге келген. Майданда 1941 жылдың тамыз айынан болды. 152-ші гвардиялық жоюшы-танкке қарсы артполктің зеңбірек нысанашысы, гвардияның қатардағы жауынгері Әбеулов Венгрияны азат ету жолындағы шайқастарда көзге түсті. Жеке өзі жаудың 6 танкін, 4 БТР–ын және басқа да көптеген техникасын жойды. Ленин, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды. 1944 жылғы 16 желтоқсанда Будапешт қаласынан 50 км жердегі Махор елді мекені тұсында танктер атакасын тойтару кезінде қаза тапқан. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 28-сәуірдегі Жарлығымен М.Әбеуловқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Батырдың туған жерінде кеуде мүсіні қойылған.
Семей өлкетану мұражай қоры