Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
Окунев Григорий Селиверстович
(1923 - 2002)
1923 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Майданда 1942 жылдың тамыз айынан бастап болған. 966-шы артиллериялық полктің зеңбірекшілер командирі, кіші сержант Окунев 1945 жылдың қаңтарында өзінің зеңбірекшілер тобымен Конин қаласы (Польша) ауданында гитлершілер атакасының жолын кесті. Зеңбіректе жалғыз қалған ол дұшпанның танкісі мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысын жойды. Ленин, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31-мамырдағы Жарлығымен Г.С.Окуневқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.