Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1918 жылы Алматы облысының Қаскелең ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Семей тау кен-металлургиялық жұмысшылар факультетін тәмамдаған.
Майданда 1941 жылдың қазан айынан бастап болған. 373-ші бомбалаушы авиаполкінің эскадрилья штурманы, капитан Милецкий 1945 жылдың наурыз айына 305 жауынгерлік ұшуларды жүзеге асырып, партизандарға жүк жеткізді, жаудың соғыс объектілері мен адам күшін бомбалады.
Ленин, Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 18 – тамыздағы Жарлығымен В.М. Милецкийге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 1- том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.