Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Сапалев Иван Григорьевич
(1912 - 1976)

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Московка ауылында дүниеге келген.
Майданда 1942 жылдың шілде айынан бастап 322-ші атқыштар дивизиясының сапері, бөлімше командирі ретінде болған. Мәскеу, Воронеж, Курск, Новгород, Киев, Варшава түбінде соғысты, Берлинді алуға қатысты, Сейм, Днепр, Днестр өзендерінен өтті. Үш өзен, үш өткел, үш ерлік. Жауынгерлік жолын Прагада аяқтады.
Ленин, Қызыл Жұлдыз, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16-қазандағы Жарлығымен И.Г.Сапалевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыс аяқталғаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралды.

 

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 45і.; 809қ., 1т., 194і.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу