Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Сафиуллин Ғани Бекінұлы
(1905 - 1973)

1905 жылы татар АКСР-і Арск ауданының Старый Кишит ауылында дүниеге келген. 1926 жылы Шығыс Қазақстанға комсомол жұмысына жолданған.
Майданда 1941 жылдан бастап болған. Фрунзе Қазақстанда құрылған 38-ші, Сталинград түбіндегі соғыс іс-қимылдары үшін кейіннен 73-ші гвардиялық атауына ие болған атқыштар дивизиясының полк командирі болып тағайындалды. Мәскеуді қорғады, Сталинград, Курск түбінде соғысты. Белгородты, Харьковты азат етті, Днепрден өтті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26-қазандағы Жарлығымен Ғ.Б.Сафиуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1973 жылы қайтыс болды. 


Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 64і.; 809қ., 1т., 193і.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу