Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1926 жылы Алтай өлкесі Угловое ауданының Угловое ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы алдында Семей қаласында тұрып, еңбек етті.
Майданда 1944 жылдың маусым айынан бастап болған. 938-ші атқыштар полкінің атқышы Масликов Витебск облысының Шарипино ауылы тұсында Батыс Двина өзенінен өту кезінде көзге түскен. Дұшпан оғының астында сол жағаға өтіп, жаудың қайықтарына тап болады және оларды біздің дағаға жеткізеді, сөйтіп полктің ойдағыдай өзеннен өтуіне ықпал етеді. Осы ұрыста қаза тапқан.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 – шілдедегі Жарлығымен қатардағы А.Т. Масликовқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 1- том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.