Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Семенов Андрей Данилович
(1909 - 1943)

1909 жылы Дондағы Ростов қаласында туған. Ұлы Отан соғысының Семей қаласына көшіп келген.
Майданда 1943 жылдан бастап 104-ші гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі ретінде болған. 1943 жылдың наурыз айында 50 жауынгерімен бірге қолда бар құралдармен Днепропетровск облысы Сошиновка ауылының тұсында Днепр өзенінен өтті, сөтіп ауылға басып кіріп, жау гарнизонын талқандады.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 20-желтоқсандағы Жарлығымен А.Д.Семеновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1943 жылдың желтоқсан айында госпитальда қайтыс болды.
Верхнеднепровскідегі саябақ пен көше оның есімімен аталған.

«Кеңес Одағының Батырлары - қазақстандықтар» кітабынан, 2 – том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу