Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1915 жылы Шығыс Қазақстан облысы Предгорное ауданының Подгорное ауылында дүниеге келген. Майданда 1941 жылдың тамыз айынан бастап Бас Командование резервінің 9-шы гвардиялық миномет корпусының 40-шы армиясы құрамында болған. Аға лейтенант Найденовтың басқаруындағы гвардиялық минометтер дивизионы Днепрден өткен кезде көзге түсті. Бес станокті пулемет құртылып, үш артиллериялық батарея оғының беті тойтарылды, ротаға таяу солдаттар жойылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 24-желтоқсандағы Жарлығымен аға лейтенант Г.А.Найденовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Армия қатарынан босағаннан кейін Ростов облысының Каменск қаласына қоныс аударған.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 189і.