Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1922 жылы Тюмень облысының Ильин ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Семей қаласының химиялық-технологиялық техникумында оқыған.
Майданда 1942 жылдың қыркүйек айынан бастап болған. 14-ші авиациялық дивизияның құрамында Сталинград түбінде, Қара теңізде және Прибалтикада болған шайқастарға қатысты. 622 шабуылдаушы авиаполктің эскадрилья командирінің орынбасары, лейтенант Кошуков 1944 жалдың қаңтарына дейін 120 жауынгерлік ұшуларды жүзеге асырып, жаудын көптеген соғыс техникасы мен адам күшін жойды. 1944 жылы жауынгерлік ұшу кезінде қаза тапты.
Ленин, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 13 – сәуірдегі Жарлығымен В.Б. Кошуковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 1- том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.