Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Фёдор Петрович Черненко 1908 ж. Чернигов облысы Прилукский ауданының Яблоновка ауылында туған. 1940 ж. бастап Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында тұрды, онда спирт-арақ зауытында механик болып жұмыс істеді. Қызыл Әскер қатарында 1929 ж. бастап 1931 ж. дейін және 1941 ж. қыркүйек айында полк мектебін бітіріп шықты. Майданда 1942 жылдан бастап. 951-ші артиллериялық полкінің байланыс бөлімінің командиры (391-ші атқыштар дивизиясы, 6-шы гвардиялық әскер, 2-ші Балтық майданы) аға сержант Черненко 17.12.1943 ж. Псков облысы Новосокольнический ауданының Лысцово ауылы үшін шайқаста жаудың артиллериялық-минометтік атыс астында байланыс желісінде 15 жуық бұзылған жерлерді қалпына келтірді. 07.01.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 15-17.09.1944 ж. . 951-ші артиллериялық полкінің бөлім командиры (391-ші атқыштар дивизиясы, 42-ші әскер, 2-ші Балтық майданы) аға сержант Черненко Эргли қ. (Латвия) 8 шақырым жерінде болған шайқаста телефон желісіндегі 30-дан аса бұзылған жерлерді қалпына келтірді. Жарақаттансада әскери міндетін атқара берді. 16.12.1944 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 18.03.1945 ж. Диттерсдорф ауылының маңында болған шайқаста (Нойштадт қ. шығысқа қарай 5 шақырым, Германия – қазір Прудник қ., Польша) 951-ші артиллериялық полкінің байланыс бөлімінің командиры (391-ші атқыштар дивизиясы, 59-шы әскер, 1-ші Украин майданы) аға сержант Черненко жаудың атыс астында байланыс желісінде 25 жуық бұзылған жерлерді жойғанымен артиллерияның атысын үзіліссіз басқаруын қамтамасыз етті. Жау контршабуылын тойтарған кезде 10-нан аса дұшпанды жойып, 2 тұтқынға алды. 27.06.1945 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1945 ж. әскер қатарына босатылып, Сака ауылында тұрды (Лиепайский ауданы, Латвия). Механизатор болып жұмыс істеді. 1-ші дәрежелі Отандық соғыс, медальдармен марапатталды. 14.04.1976 ж. қайтыс болды. Лиепая қ. жерленген.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 65, 202і.і.