Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.

22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:

Тютюньков Меркурий Иванович
(15-01-1913 - 23-05-1986)

Меркурий Иванович Тютюньков   15.01.1913 ж. Шығыс Қазақстан облысы Лениногор ауданының Бутаково ауылында дүниеге келген. Монтаждушылардың бригадиры болып жұмыс істеген. Қызыл Әскер қатарында және майданда 1943 ж. қазан айынан бастап. 62-ші гвардиялық кавалерлік полкінің саперлік-қопарғыш взводының (16-шы гвардиялық кавалериялық дивизиясы, 7-ші гвардиялық кавалериялық корпусы, 1-ші Белорус майданы) саперы гврдия кіші сержанты Тютюньков 09.05.1944 ж. саперлар взводының жауынгерлермен бірге Овадно елді мекенінің аймағында (Волын облысы) Турья өзен арқылы өтетін темір жол мен жаяу көпірлерін жарып, дұшпанның шегіну жолын кесіп тастады. 17.05.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 24.08.1944 ж. іздеу тобымен Тютюньков Висла өзені арқылы (Люблин қ. оңтүстік-батысына қарай) өтіп, гитлершілер отырған блиндажды тауып, 3 жойды, ал бірнешеуін саперлер тұтқынға алды. 07.10.1944 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 23.01.1945 ж. инженерлік барлаушылар тобының басшылығымен Познань қ. (Польша) оңтүстік-батысқа қарай жаудың тылына жасырын еніп, құнды мәліметтер жинақтап штабқа жолдады, ал өзі бірнеше жауынгерлермен Варта өзені арқылы өтетін көпірді басып алды және маңайын минасыздандырып кавалериялық полктің екпінді алға басуын қамтамасыз етті. Линде елді мекені үшін шайқаста 01.03.1945 ж. 10-ға жуық гитлершілерді жойды. 15.05.1946 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1945 жылы әскерден босатылып, Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласында тұрды. Онда темір-ұсташы болып жұмыс істеген. 1-ші дәрежелі Отандық соғыс, Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталды. 23.05.1986 жылы қайтыс болды.      

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 66, 202і.і; 2866п қ., 1т., 406і.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу