Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Виктор Яковлевич Струин 02.01.1916 ж. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында туған. Қызыл Әскер қатарында 1938 ж. бастап 1940 жылға дейін болды. Майданда 1941 ж. шілде айынан бастап. 86-й ауыр гаубица бригадасының (5-ші ЖБҚР артиллериялық дивизиясы, 69-шы әскер, 1-ші Белорус майданы) барлаушысы ефрейтор Струин 03.08.1944 ж. Люцимя елді мекеннің аймағында болып, бірнеше артиллериялық және минометтік батареяларды, 5 пулемет орналасқан орындарын айқындады, кейін олар артиллериялық дивизионмен талқандалды. 20.08.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Сол бригаданың, дивизияның (4-ші артилериялық корпусы, 47-ші әскер, 1-ші Белорус майданы) барлаушысы Струин жауынгерлермен бірге 14-23.02.1945 ж. Пиритц қ. жанында (қазір Пыжице, Польша) 30-ға жуық дұшпанды тұтқынға алды. 25.05.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 30.04.1945 ж. сол дивизия, корпустың құрамында (3-ші соққы беретін әскер, 1-ші Белорус майданы) гитлершілермен алынған үйге жасырын кіріп, артиллериялық атысты өзіне қарай қаратты. Жарақаттанса да әскер қатарында қалды. 15.05.1946 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1946 ж. әскер қатарынан босатылып, Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қ. жұмыс істеп тұрды. Медальдармен марапатталған. 10.02.1976 ж. қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 65і.