Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Павел Сергеевич Синенко 15.05.1909 ж. Алтай өлкесі Шипунов ауданының Быково ауылында туған. Майданда 1941 ж. қазан айынан бастап. 648-ші атқыштар полкінің 1-ші миномет ротасының командиры (200-ші атқыштар дивизиясы, 3-ші соққы беретін әскері, 2-ші Балтық майданы) кіші сержант Синенко 1944 ж. ақпан айында Псков облысының Пустошка қ. іргесіндегі шайқастарда минометтан дұшпанның пулеметын және танкіге қарсы зеңбіректің тобын жойды. 19.03.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Сержант Синенко қол астындағы сол полктің миномет бөлімі мен дивизия (4-ші соққы беретін әскер, 1-ші Балтық майданы) 25.07.1944 ж. Даугавпилс қ. (Латвия) солтүстігіне қарай 16-шы шақырымда жаудың контршабуылын тойтарып, 10-нан астам жаяу жауынгерді жойды. Жау біздің ату орындарына өтіп кеткен кезде, Синенконың шебер басқару арқасында, жауынгерлер жеке қаруларымен көпшілік гитлершілерді жойып контшабуылдарды тойтарды. 08.09.1944 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 24.04.1945 ж. Плетценз аймағында Берлин қаласындағы шайқаста 780-ші артиллериялық полкінің 1-ші дивизион (270-ші атқыштар дивизиясы, 3-ші соққы беретін әскері, 1-ші Белорус майданы) зеңбірегінің командиры аға сержант Синенко дәл көздеп атумен үйлердің біреуінде отырған және біздің атқыштардың алға басуына кедергі жасап отырған автоматшылар тобын жойды. Рейхстаг маңында 30.04.1945 ж. Синенко тура нысаналаумен жаудың ЕМ талқандады. 15.05.1946 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1945 жылы старшина Синенко әскерден қайтты. Туған ауылына оралып, Шипунов совхозында токарь болып жұмыс істеді. 1972 жылы Өскемен қаласына көшіп келді. Қалалық атқару комитетінің 18.04.1982 жылғы шешімі бойынша «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. 1-ші дәрежелі Отандық соғыс, Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталды. 30.06.1985 жылы қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты