Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Федор Егорович Маслин 03.03.1923 ж. Алтай өлкесі Шарыш ауданының Маральи Рожки ауылында туған. Томск облысының Юлтарево кентінде майдагерлік-кәсіпшілік артелінде ұсташы болып жұмыс істеген. Қызыл Әскер қатарында 1943 жылдан бастап. 272 гвардиялық атқыштар полкінің сапер взводының командиры (90 гвардиялық атқыштар дивизиясы, 4-ші соққы беретін әскер, 1-ші Балтық майданы) гвардия аға сержант Федор Маслин 1944 ж. 13 ақпанда Витебск облысының Гурки ауылынынң маңында (Белорусия) артиллериялық атыс астында бетарап алқабын миналап, сым бөгеттер орнатты. 19.06.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№ 102224). 1944 ж. шілде айында Витебск облысының Карташи ауылынынң маңында (Белорусия) тоқтаусыз атыс астында Ф.Маслин екі бұзылған көпірді қалпына келтіріп, жеке өзі қырықтан аса танкіге қарсы миналарды алып тастады. 11.09.1944 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№ 17134). 1944 ж. 30 тамыз күні Биржай литов қаласының қасындағы шайқаста Ф.Маслин бес гитлершілерді жойып, біреуін тұтқынға алуға көмектесті. 24.03.1945 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№ 1891). 1946 ж. әскерден қайтты. 1966 ж. бастап Семей қ. вагон депосында токарь болып жұмыс істеген. 1999 ж. бастап Челябинск қ. тұрған. 1995ж. Москвадағы Жеңіс Шеруінің қатысушысы болған. 03.10.2012 ж. қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы