Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.

22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:

Кузнецов Александр Михайлович
(23-02-1909 - 1988)

Александр Михайлович Кузнецов  23.02.1909 ж. Семей облысы Жаңа Семей ауданының Талица ауылында туған. 1931 ж. күзінде Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1934 ж. әскерден босатылып Талица ауылында жұмысын жалғастырды. 1941 ж. 22 маусымда әскер қатарынан босатылып 837-ші полкінің 238-ші дивизия құрамында зеңбірек командиры ретінде майданға жойғыш батареясына жіберілді (44-ші әскер, 2-ші Белорус майданы). Олескин, Юхнев қалалар үшін шайқаста, Белорусия, Польша, Шығыс Пруссияны босатуда, Берлинды басып алуда, Одер өзенінен өткенде қатысты. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен 1944 ж. пулемет нысаналаумен жауға қарсы атыс жүргізіп Юхнов қ. босатқанда марапатталған. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен Одер өзенінен өтуді бипаздап ұйымдастырған үшін марапатталған. 1945 ж. Берлин қаласын алу шайқасы үшін 1-ші дәрежелі Даңқ орденге ұсынылды, бірақ оны 1971 ж. алды. 24.12.1971 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1945 ж. әскерден қайтты. 1988 ж. қайтыс болды.  

  Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу