Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.

22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:

Крахмалев Петр Афанасьевич
(15-12-1919 - 03-08-1976)

Петр Афанасьевич Крахмалев  25.12.1919 ж. Семей облысы Жарма ауданының Михайловка ауылында туған. Қызыл Әскер қатарына 1939 ж. қазан айында шақырылды. 1939-1940 жж. кеңес-финляндия соғысының қатысушысы. 1941 ж. маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 331-ші гвардиялық артиллериялық полкінің батарея зеңбірегінің командиры (128-ші гвардиялық тау-атқыштар дивизия, Жеке-Теңіз Әскері) гвардия аға сержанты Крахмалев 1944 ж. 10 сәуірінде Керчь қ. астындағы жаудың қорғауын бұзып-жарып өткенде (Крым, Украина) тобымен бірге зеңбіректің оғымен танкіге қарсы қаруды, оқ-дәрілермен 3 автокөлікті жойды, жаудың 2 миномет батареясын, 4 пулемет орнын талғандағанымен Ақмонай бағыты бойынша жаяу әскердің жылжыуын қамтамасыз етті. 16.05.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Словакия аумағындағы шабуылдарда өзінің тобымен бірге атқыштар бөлімшесін алып жүрді. 1944 ж. 21 қазаннан бастап 30 қазанға дейін Каленов елді мекен аймағында (Словакия) 2 пулемет жойды, гитлершілердің бір взводындай талқандады. Цироха өзенінде Старина елді мекені үшін шайқаста (Воля Михов темір жол станциясынан оңтүстік-шығысына қарай 21 шақырым, Словакия), зеңбірек оғымен 4 жүк арбасы талқандалды, блиндаж жойылып жаяу әскердің байланысы қиратылды. 20.12.1944 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Моравска-Острава қ. үшін өлім таяғын соққан ұрыста (Чехия) 1945 ж. 30 сәуірінен бастап 01 мамырға дейін Крахмалев өзінің тобымен 3 пулеметты, 2 минометты істен шығарды. 1945 ж. 9 мамыр күні жауыдң жаяу әскер тобы бойынша соққы беріп көп деген жауынгер мен офицерлерді жойды. 15.05.1945 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1945 ж. қараша айында әскер қатарынан босатылып, Талдықорған облысы Киров ауданының  Айна Бұлақ станциясында тұрған. 03.08.1976 ж. қайтыс болды.    

Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу