Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Матвей Иванович Дмитриев 01.05.1924 ж. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Верхубинка ауылында дүниеге келген. Қызыл Әскер қатарында 1942 жылдан бастап. Әрекеттегі әскерде 1943 жылдың наурыз айынан бастап. 137-ші гвардиялық артиллериялық полкының (70-ші гвардия атқыштар дивизиясы, 38-ші әскері, 1-ші Украин майданы) зеңбірекшілер тобының командиры гвардия кіші сержант Дмитриев қол астындағы сарбаздармен 01.08.1944 ж. Красно қала түбінде (Польша) 10-нан аса сарбазды және жаудың бірнеше пулеметтерін жойды. 26.08.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Дмитриевтың тобы (4-ші Украин майданы) 08.02.1945 ж. Вронув елді мекенінің қасында, Бельско-Бяла қаласынан (Польша) солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерінде 2 пулеметты, минометты талқандап, 10-нан аса гитлершілерді жойды. 13.05.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Моравска-остравской бағыты бойынша 18.04.1945 ж. Опава өзенінен өткен кезде Дмитриев қарама қарсы жағаға бірінші жеткендердің бірі болып жүзіп өтіп, жаяу әскер взводын жойған. 16.06.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталып, 19.08.1955 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен қайта марапатталды. Старшина Дмитриев 1947 жылы әскерден оралды. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында тұрып, мырыш зауытында жұмыс істеді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 61, 201і.і.; 2866п қ., 1т., 357і.