Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.

22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:

Кондратьев Василий Николаевич
(14-01-1925 - 06-09-1988)

Василий Николаевич Кондратьев 14.01.1925 ж. Псков облысы Пушкиногорск ауданының Подберезье ауылында туған. Семей қ. тұрған. Ұлы Отан соғысының басынан жасы бойынша мобилизацияға жатпағандықтан басып алынған аумақта қалуға мәжбүр болды. Партизан отрядына кірді. А.В.Герман атындағы 3-ші Ленинград партизан бригадасының құрамында соғысты. 19444 ж. ақпан айында тұрақты бөлімдермен біріккеннен кейін, Ленинград облысының Гатчинск аудандық әскери коммисариатымен Қызы Әскер қатарына шақырылды. Өзінің жауынгерлік жолын 80-ші атқыштар дивизия құрамында өткізді. Карель мойнағында, Польшада, Чехословакияда, Германияда соғысты. 1945 ж. 18 қаңтарынан бастап 1 ақпанға дейінгі кезеңде Буско-Здруй, Домброва-Гурне қалалар аймағында (Польша) аға сержант Кондратьев минометтың оғымен 10-нан астам жау жауынгерлерімен және солдаттарды жойып, 3 ату орындарын талқандады, «тілді» тұтқынға алып одан құнды мәліметтер алды. 17.02.1945 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№294906). 1945 ж. 3 наурызында Гросс-Шиммендорф елді мекенінің жақын жерінде (Ополь қ. оңтүстігіне қарай, Польша) жаудың контршабуылын тойтарған кезде, Кондратьев, батальонның командалық пунктін қорғап, 20-ға жуық гитлершілерді жойды, гранатамен 2 өздігінен жүретін 2 зеңбіректі істен шығарды. Өзінің әрекеттерімен батальонның ББ жаудың бұзып-жарып өту мүмкіндігіне жол бермеді. Жарақат алғанына қарамастан шайқас жерінен кетпеді. 11.04.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№14613). 1945 ж. 7 мамырда Наход қ. аумағында жау қорғанысын бұзып-жарып шыққанда (Карловецкий өлкесі, Чехия) Кондратьев біріншілердің қатарында жауынгерлермен бірге жау орналасқан жеріне басып-көктеп кірді, 3 жаяу әскерді жойып, 4 тұтқынға алды, гранаталармен пулемет атысын тоқтатты. 27.06.1945 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№85). 1948 ж. старшина Кондратьев әскер қатарына босатылып Семей қ. тұрған. 06.09.1988 ж. қайтыс болды.        

Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу