Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Бикетов Михаил Филиппович 01.05.1923 ж. Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Соловьево ауылында дүниеге келген. Қызыл Әскер қатарында 1942 жылдан бастап. Майданда 1944 жылдың наурыз айынан бастап. 120-шы гвардия атқыштар полкынің (39-шы гвардия атқыштар дивизиясы, 8-ші гвардиялық әскер, 1-ші Белорус майданы) атқышы гвардия қатардағы Бикетов 20.07.1944 ж. алғы жасақ отрядының құрамында Батыс Буг өзенінен (Хелм қ. шығысқа қарай, Польша) тездетіп өту кезінде қарама-қарсы жағаға бірінші жеткендердің бірі болып жүзіп өтіп, жауынгерлермен бірге жаудың шабуылын тойтарып, олардың жанды күшіне маңызды залал келтірді. 24.07.1944 ж. Люблин қласындағы көше шайқасында 10-ға жуық гитлершілерді жойып, шайқас алаңынан жарақаттанған рота командирын алып шықты. 05.08.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 31.01.1945 ж.Познань қаласының іргесінде болған шайқаста жасырын жаудың орналасқан жеріне жетіп, автоматтың дәл соққымен дотта отырған 3 пулеметшіні өлтірді. Содан соң басқа дотты жоюда қатысты. Жарақат алса да, шайқас алаңынан кетпеді. 11.02.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Берлин қаласындағы көше шайқасында 1945 жылдың 25.04 бастап 30.04 дейін гранатометтен 4 пулемет орындарын жойды, шабуылды, қаруларды және гитлершілердің бекінісіне айналған үйді өртеді, 20-ға жуық сарбаздар мен офицерлерді жойды. 15.05.1946 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1945 жылы старшина Бикетов әскерден оралды. Ауыл шаруашылығында жұмыс істеп, Иркутск облысы Казачинско-Ленский ауданының Улькан ауылында тұрған. 1-ші дәрежелі Отандық соғыс орденімен, медальдармен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 61, 200і.і.