Төлеген ер
Ерлікпен өлген еркін жас,
Арманына жетпеді.
Қайраулы тұрған еді алмас,
Оқыста сынып кеткені.
Кегін алар миллион жас,
Құрыштай қайнап кектері.
Арпалысқан дүшпанның,
Қанын судай төккелі.
Жөңкіліп жау қашқанда,
Табылмас келген өткелі.
Қазақтан шыққан жас ұлан,
Жалындады, жайнады.
Алтайдан ұшқан ол қыран,
Тұяғын өткір қайрады.
Болат еді-ау, тұяғы,
Өткір еді қияғы.
Жауды алыстан болжайтын,
Көргіш еді қырағы.
Төлегендей батырға.
Не айтсам да сыяды.
Жас та болса ерлігі,
Жүрегіме ұнады.
Атылып тұрған оқтан да,
Қайтпады ол, шыдады.
Қан төгіскен майданда,
Ерді халык сынады.
Майдандағы ерлікті,
Жамбыл көптен білетін.
Жанын қиды ел үшін,
Сондықган жаным сүйетін.
Төлегендей батырды,
Өлді деуге келмейді.
Ер екен тапқыр, ақылды,
Ерлігі оның өлмейді.
Алынбас қамал
Тыныштық күнде сөйлесем,
Төгілген тілден шекер-бал.
Қатерлі күнде тебіренсем,
Сөзімде менің қаһар бар'
Түндерде тыныш жата алман,
Құлагым түріп хабарға:
Сталинград шаһардан.
Ұмтылған дұшпан Еділге,
Еділді сауып, емуге.
Еділім үшін жан қимас.
Жігіттер бар ма елімде?!
Қорғаган соны ерлерім,
Ту етіп намыс, ел кегін,
Егесіп келген жерлерде.
Қорқытқан емес өрді елім!
Дауылды күнде жаралған,
Ержүрек батыр ұлдарым.
Қадалса жаудан қан алған!
Дарытпас уын жыланның.
Көремін қамал араңнан,
Жалын мен түтін ішінде,
Алынбас қамал пішінде,
Сталинград қалаң тұр,
Жартастай берік күшінде.
Қазақтың батыр ұлдары,
Жан үшін жаудан жан алған.
Сендерді көріп тұр кәрі,
Жанары талмай қараудан.
Қимаңдар жауға бұрауды,
Қолымен елдің қаланган!
Сокдығып соған дүлей жау,
Жосадай қанға боялған.
Сендерде болып тұр әне,
Халайык көзі ғаламнан.
Ежелден елдің енесі,
Елдінң қыдыр маңы бай.
Қоритын елдін кәдесі,
Тамшысын қасық қанындай!
Татам деп соны төнсе жау,
Шыдар ма жаның ауырмай?!
Қомағай жауды телмірген,
Шарпындар, ерлер, жалындай.
Қаһардың селі қаптасын,
Еділдің тасқын шағындай.
Жібердім сонда бапамды:
Сталинград қаланды —
Қорғас деп жүрек, жаныңдай! —
— Алғадай, дедім, аянба!
Әкеден тудың Жамбылдай.
Жырымды жеткіз ерлерге,
Майданға қаққан дабылдай.
Толқыны жойқын Еділге,
Қосылсын үнім дауылдай!
Аттандыру
Атаңнан бата ал, балам
Арғымақ атқа мін, балам.
Ақ сақалым желбіреп
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған:
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған;
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қыймаған.
Абыройға ие бол,
Ағат баспа бір қадам.
Атақ берген атаңа
Ел қадірін біл балам!
Ел ерлігі, ел бірлігі.
Сынға түскен бұл заман!
Саған айтқан сөзімнен
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз деп ұқсын,
Аңғарлы жан «бұл маған!»
Қош-қош балам! Қош айттым,
Қолымды, міне, шошайттым!
1941
|
Ленинградтық өренім!
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едін
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай керемін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін.
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз,
Шомылдырған кемерін!
Шамы күндей жайнаған
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста
Айбыным деп ойлағам!
Жасағам жоқ өмірді —
Жау сойқанын көргелі,
Төккенім жоқ терімді
Шер қылғалы кеудені,
Жаралған жоқ салтанат.
Жаудың болуға ермегі.
Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі
Жасағамын өмірді –
Жау біткенді жеңгелі;
Саудыратып сүйегін,
Топыраққа көмгелі.
Қазақстан жерінен,
Тұтағандай ел кегі,
Сендерге дем бергелі
Жолды кернеп қол кетгі.
Нева алабын қорыңдар
Ленинградтың ерлері
Ұрпаққа үлгі болындар,
Заманымның өрнегі!
Дүкенінде жасалған.
Машиналар алуанын,
Қуаныш қылып алғанмын,
Сендер менен қашаннан,
Аға, інілі болғанмын.
Жоқ қой дегем Алматы
Енді менің арманым,
Су қыраны секілді,
Балтықтағы ерлерім,
Сыйлық алып не түрлі
Келгендерін көргенмін:
Бірге тойлап тойымды,
Бірге көрген серуенім
Немерем мен шөберем
Бесігінде сендердің
Жастайынан үйренген,
Ғылым, білім өрнегін.
Бүгін Жамбыл тындаса -
Естиді жау келгенін.
Есігіне таласып,
Соғыпты обыр өңменін;
Естерінен адасып,
Жолына үйіп өлгенін
Жеті басты жалмауыз
Жайыпты қан шеңгелін.
Дегеніне жетпес ол,
Қақпа алдында қансырар,
Келген шығар айдап сор,
Жылан басы жаншылар,
Жау түнегі аршылар
Тағы сайрар бұл-бұлдар
Тағы жайнар жүлдыздар
Масайраса, ұл, қыздар!
Ұлы халық өскен жер
Бауыр басқан басымнан
Жау зақымын көрсендер
Даусың шығар аршынған
Оқтар тиіп, орт шалып,
Дүние мүлік шашылған.
Қанішер жау жүр
Шауып, арандары ашылған.
Білем, бірақ, өмірі аз.
Сондықтан жау ентелер:
Ажалына асыққан –
Обырларды жұтар жер.
Қарсы аттанды жауға жұрт,
Көтерілді қалың ел.
Жау батпаны жатыр деп,
Қайысқан жоқ біздің бел.
Тірек болған еліме,
Туым едің сен алғаш.
Ленинградтың төріне!
Жау аяғын сала алмас!
Келген жауды түйіліп.
Жеңген едің бұрын да:
Жау сүйегі үйіліп
Қалған өзен, қырында
Патша қолы - кұлдары
Қырғын тауып бұлдағы
Сонау соғыс кезінде
Құмын болған кұндағы!
Қамалына оқ дарымас,
Ол бір кұрыш, асыл тас.
1941 жыл
Дүбірлеген дауылдай
Көзімнің нұры секілді,
Сендерді айтсам, бұркырап,
Бойда қуат өреді.
Тас бұлактай сарқырап,
Көңілге өлең келеді.
Басқа қауіп төнгенде,
Тұтасыгі жау келгенде,
Қаһар шашып, ұмтылдын,
Кек бұркырап кеудеңде.
Көк болатты киіндің,
Жауар күндей түйілдің,
Найзагайдай жарқылдап,
Тастүлектей шүйілдің.
Басты тіктің өлімге,
Қамал болдың еліңе,
Жауды бөгеп иірдің,
Өлігін жолға үйдірдің.
От-жалынға күйдірдің.
Қалғанын қайта жосылзтың,
Жаңдарынан шошытгың.
Жас қаһарын таныттың,
Жалыныңа қарыпттың,
Жесір қатын, кемпір, шал,
Жас бөбекке болып жар.
Құл бұғаудан ағытгың!
Байтақ Отан бесігің,
Бақытқа Отан бесігің,
Бақытқа ашқан есігің,
Бұл Отанның барында,
Балам, артық несібің!
Сендер Отан жанындай,
Тамырдағы қанындай,
Заводтағы жалындай,
Шахтадағы сарындай,
Егіндегі дабырдай,
Әндетіп мал бағудай,
Дүбіріңді естимін,
Дүбірлеген дауылдай. |