Поэзия
Бауыржан Момышұлы Бауыржан Момышұлы – (1910 — 1982) — Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының батыры, панфиловшы, Москва үшін шайқастың қатысушысы, жазушы |
|
Бауыржан Момышұлының ерлік пен жаужүректік туралы афоризмдері
- Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.
- Ерлік ер басына жүре бітетін қасиет.
- Күш-әкесін танымайды.
- Ханның еркесі болғанша, жігіттің серкесі бол.
- Мақтаныш- ерліқанасы.
- Әсерсіз-қолбасшы қауқарсыз, басшысыз-әскер қауқарсыз.
- Сын ерді шындайды, қорқақты қинайды.
- Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті.
- Ерлік елеусіз қалмасын, олжа-елге, атак-ерге сауға.
- Тәуекелсіз ерлік жоқ.
- Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.
- Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін.
- Ерлікті таба білу, ерді тани білу.
- Согғыс-халыктың күш-қуаты, ерлік жігерін сынайтын ұлы емтихан.
- Ердің Еділ тобығынан келмейді,
- Қорқақ қаққа шеңіп өледі.
- Әдіссіздік-әлсіздік,
Ептілік те ерлік.
- Қырагының өзі де, көзі де батыр.
- Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бергін.
Бұқсак-сүкты,
Тығылсақ-тықты,
Именсең-езді,
Өлдім дей бергін.
- Анадан ешкім батыр болып тумайды.
- Ана үшін аянба, ант ұрады,
Бала үшін аянба, бетің күйеді,
Ел үшін аянба, ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба, жігітіңе сын.
- Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек.
Тәртіпке бас иген кұл болмайды.
Тәртіпсіз ер болмайды.
- Елсіз ер бола ма?
Жұртсыз жігіт бола ма?
Ерлік елдің қасиеті,
Жүректілік жігітгің қасиеті.
- Біреу батыр болғанша, мың батыр болсын.
- Жалғыз батыр-жалғыз жан,
Майданға тұлға бола алмайды,
Азынап жалғыз арыстан,
Орманды билеп ала алмайды.
Жалғыз батыр болғанша,
Жалпы батыр болғаны,
Ел сипаты, ер сыны
Әрине батыр-батыр ғой
Бастаған батыр-ер пірі.
- Мен істедім дегенше,
Мың істеді десеңші,
Мың істеді дегенше,
Ер істеді десеңші,
Ер істеді дегенше,
Ел істеді десеңші.
Мен мындікі болмасам,
Ер елдікі болмаса,
Кім істеді дер едің?
- Шегініп серке болғанша,
Секіріп теке болғын.
Ерді ел үшін,
Жігітті жұрт үшін мақта.
Ежелден ер тілігі-ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса-ел тірегі.
Қол жайып шын ниетпен берген бата,
Шаршаған жауынгерге бел тірегі.
- Жығылған үстіне жұдырык.
- Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
- Қайрат - қамал бұзады.
- Көз- корқақ, қол- батыр.
- Ерлік — тәрбие жемісі.
- Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.
- Солдаттың анасы — Отанның анасы.
- Соғыстың заңы - өте қатал заң.
- Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір!
- Берік болмай ерік жоқ.
- Өжетгілікген не пайда,
Ерлігі мен ақылы
Көпті батыр етпесе.
- Жауынды жапыра біл,
Баудай түсіре біл.
- Үрыста тәуекел ету де - ерлік.
- Әрқашан әскери ар-намысыңды сакта,
солдаттық борышыңа адал бол.
- Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ.
- Жеңіс шайқасқа дейін шындалады.
- Жауынгерлік борышты өтеу - жеңіспен бірдей.
- Ұшқынсыз от тұганбас.
- Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді,
Қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.
- Жаксы командир жауынгерін зор етеді,
Жаман командир офицерін қор етеді.
- Елін сүйген жауынгер ер болады.
- Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.
- Ер өледі, ел қалады.
- Есімі ел жүрегінде сакталған ер ғана бақытты.
- Жалпы мықты ерік-жігер - жеңіс серігі.
- Жеке мақтаныш сезімі ерлікті тудырады.
- Ержүректілік пен багылдық жүректен шығуга тиіс.
- Ерліктің атаусыз кетуі - халықтың трагедиясы.
Бауыржан Момышұлының ел, Отан туралы афоризмдері
- Отан үшін отқа түс күймейсің.
- Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет.
- Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.
- Отанда опасызға орын жоқ.
- Жаман елге жапалақ та қожа.
- Ел бақыты ер қолында.
- Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.
- Елсіз ер болмайды, ерсіз ел болмайды.
- Парыз сезімі, адамгершілік — жеке басының, ұлттың, Отанның мақтанышы.
- Атамекен жері үшін,
Қасиетті елі үшін,
Болмай қалар кім батыр?
- Опасызда Отан жоқ.
- Өсер елдің баласы әкеден де асып түсер.
- Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ.