Беттерді парақтай отырып...
Поэзия
Ерқасов Көпен Ерқасов Көпен (1952 ж.) – журналист, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі |
||
Жеңіс күні
Қадаңдар төбелерге Жеңіс туын,
Ертең елім тойлайды Жеңіс Күнін.
Емес бұл бір халықтың мерекесі,
Мейрамы аспан асты, жер үстінің!
Ертең майдың тоғызы. Жеңіс Күні,
Мейрамдардың мен үшін ең ыстығы.
Қамдан, халкым, ертеңгі думан-тойға,
Дайындықтың болмасын кемістігі!
Ардагерлср қалғымас ар -намысың,
Бәрін жаса өкпелеп қалмауы үшін.
Не сыйласан оларға артык емес,
Ел-жеріңді аман ап қалғаны үшін,
Қыршынынан киылған арманы үшін,
Қан майданда теғілген қандары үшін!