ШҚО-да «Ұлағатты әке - үлгілі отбасы» атты ашық диалог алаңы өтті

Әкелер күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Шерубаев, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері Сембаевтар отбасы, сондай-ақ креативті индустрия өкілі Д. Дәуренов қатысты.
Кездесу барысында әкенің қоғамдағы және отбасыдағы рөлін дәріптеу, оның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын насихаттау, әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту мәселелері талқыланды.