18- ақпан күні Като-Қарағай аудандық ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Оның жұмысына бастауыш ардагерлер ұйымдарынан сайланған делегаттардан өзге аудан әкімінің орынбасары С. Жақитов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. Жақсылықова, аудандық мәслихаттың депутаты Ж. Тыныбеков, Катонқарағай ауылындағы мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиналғандар алдында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қызыров Ж атқарған жұмыстарының есебін берді. Баяндаманы талқылауға қатысқан Өрнек ауылының ардагері, кәсіпкер-делегат Құрмет Темішов, зейнеткер Қасымбек Құсайынов, Катонқарағай, Жамбыл, Аққайнар, Белқарағай, Өрел ауылдық округтеріндегі бастауыш ұйымдардың төрағалары Т. Мерғазин, Ж. Абраимов, Б. Жақияров, Н. Ибраев, М. Мусин, зейнеткер-ұстаз Б. Тоқтағанов аудандық кеңестің атқарған жұмыстарына оң бағаларын беріп, алдағы уақытта да осы беттен таймай еңбек етуді тіледі.
Келесі кезекте жиынға қатысушылардың бірауызды дауысымен кеңес пен төралқа мүшелері, облыстық ардагерлер кеңесінің конференцясына делегаттар сайланды. Жиын соңында сөз алған С. Жақитов, Ж. Тыныбеков аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамын құттықтап, жемісті еңбек тіледі. Бүкілхалықтың талқылауына ұсынылған жаңа Ата Заңымыздың жобасы туралы өз пікірін білдіріп, оны қолдауға көпшілікті шақырды.









