18- ақпан күні Қ.Қайсенов кентінде Ұлан ауданының ардагерлер кеңесінің есеп беру сайлау конференциясы өтті. Конференцияға бастауыш ұйымдардан сайланған 41 делегат түгел келді. Конференция жұмысына Ұлан ауданының әкімі А.Бекбосынов , ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Л.Тумашинов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Назарова жәңе аудандық мәслихаттың төрағасы ,"Аманат" партиясының төрағасы қатысты. Есепті баяндамасының алдында төраға А.Е.Бакимбаев Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып , барлық ардагерлерді 15- наурызда Референдумға келіп саналы таңдау жасау арқылы еліміздің болашағына үлес қосуға шақырды. Ары қарай 2021- 2025 жылдар ішінде атқарылған істеріне тоқталды. Жарыс сөзге шыққан Ұлан ауданының "Құрметті азаматы " Рашидбек Мұхмеджанов , ардагер ұстаз Нұршат Абдуллина, қоғам белсендісі Гүлдариға Мухамадиева , аудандық "Аналар кеңесінің " төрайымы Тұрсынгүл Шинжина ардагерлер кеңесінің жұмысына " қанағаттанарлық" баға беріп, жаңа құрамға табыстар тіледі. Аудан Әкімі А.Бекбосынов сөз алып аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысына оң баға берді. Соңынан Мәжіліс депутаты Лұқбек Тумашинов еліміздігі болып жатқан саяси жаңалықтарға тоқталып , ардагерлердің көптеген сұрақтарына жауап берді