16 ақпан күні шахматтан турнир өтті
16 ақпанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы құрметіне арналған Шығыс Қазақстан облысының ардагерлер Кубогы үшін шахматтан облыстық турнир өтті.
Турнирге облыстың қалалары мен аудандарынан 60-тан астам ардагер қатысты.
Жарыс - шахматты аға буын арасында насихаттау және ардагерлер арасында шахматшылардың шеберлік деңгейін арттыру, 2025 жылғы Сенат Кубогының іріктеу кезеңіне қатысушыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 турмен өтті.
Уақытты бақылау әрбір қатысушы үшін бірінші жүрістен бастап 8 минут пен 3 секундты құрады.
Екі немесе одан да көп қатысушылардың ұпайлары бірдей болған жағдайда орындар келесі ретпен бөлінді:
1) Бухгольц коэффициенті
2) жеңістердің нақты саны
3) жеке кездесу
4) тайбрейк (3 мин + 2 сек уақыт бақылауымен 2 ойыннан тұратын микроматч. Егер есеп тең болса - Армагеддон).
Орындар келесідей анықталды:
I орын Сабырбаев Тілеухан ( Өскемен )
II орын Ашубаев Шәріпхан (Күршім ауданы)
III орын Егібаев Нұқтар (Алтай ауданы)
IV орын Сербаев Аманжол (Ұлан ауданы)
V орын Кушкенов Дүйсенғали( Өскемен )
Жеңімпаздар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.






