Жеңіс күнін мерекелеу – Шығыс Қазақстан облыстық кеңес жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Төралқаның 2024 жылғы 14 қазандағы қаулысымен Жеңіс күнінің 80 жылдығына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, барлық мүдделі ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру, іс-қимылдарды келісу және туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсету мақсатында Жеңіс күнінің 80 жылдығына дайындық бойынша облыстық штаб құрылды. Оның құрамына қалалық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, облыстық мұрағаттың, өлкетану мұражайының, қорғаныс департаментінің өкілдері , тарихшылар, ардагерлер кірді.
Шығыс Қазақстаннан Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 93 627, сонынң ішінде 1941-1945 жылдар аралығында майданға 87404 адам аттанған.
Қазақстан Республикасының «Халық Каһарманы» атағы берілген:
Қасым Қайсенов – 1995 ж.
Капорин А. Е., Даңқ орденінің толық кавалері – 2005 ж.
Несмиянов А. А. – 2022ж..