Нұрмұхамедов Әлібек 10 жылдан астам уақыттан бері № 1 ҚШТ шағын ауданындағы бастауыш ардагерлер ұйымын басқарып келеді. Ол зейнеткерлерді әлеуметтік қорғауына ерекше көңіл бөледі, тыл еңбеккері мәртебесін рәсімдеуге көмектеседі, ардагерлерді моральдық және материалдық жағынан қолдауға кез келген мүмкіндікті іздейді. Уақытын есептемей, өз  жасына қарамастан жастарға қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге көп уақыт бөледі, жиі жастармен және оқушылармен кездесулер өткізеді. Осы уақытта өзін ісін білетін, сауатты маман ретінде көрсете білді. 07.02.2025 ж. облыстық ардагерлер кеңесінің патриоттық және адамгершілік тәрбие жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.К.Федоров А.Нұрмұхамедовке «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті ардагері» белгісін және облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасын табыс етті.