Облыстық ардагерлер кеңесінің пленумы
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті пленумында денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қарттарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша атқарған жұмыстары мен оның нәтижелері және облыстық ардагерлер кеңесінің 2024 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2025 жылға арналған міндеттер тыңдалды.
Бірінші мәселе бойынша баяндамашылар: Жігітаев Т.Х. – денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Мусинова А.А. – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.
Аталған құрылымдардың басшылары өз сөзінде 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста барлығы 139 647 зейнет жасындағы адам тұрып жатқанын, оның ішінде 13 Ұлы Отан соғысының ардагері, 4 468 тыл еңбеккері, 11 кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындары екенін атап өтті, 6 тұрғын Ленинград қоршауында болғандар, 2 Социалистік Еңбек Ері.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, егде жастағы адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында емханаларда егде жастағы науқастармен жұмыс істеуге арналған мамандандырылған аймақтар құрылып, науқастарға дәрігерлер бекітіліп, жеке бақылау және емдеу бағдарламасы әзірленген. Пациенттер кеңес алу үшін телефон арқылы емдеуші дәрігермен немесе медбикемен байланысу мүмкіндігін алған. Ардагерлермен гериатрия (қарттық ауруларды емдеу) бойынша кәсіптік қайта даярлаудан өткен жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен терапевттер жұмыс істейді. Егде жастағы науқастарға профилактикалық кеңестер беріледі. Биылғы жылы «УБА» шипажайында 4 мыңнан астам ардагер денсаулығын жақсартты.
Облыста белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары тұжырымдамасы негізінде зейнеткерлік жастағы адамдардың белсенді спорттық өмірмен айналысуына бейімделген 237 нұсқаушы тартылған, 289 демалыс секциясы бар 174 нысан жұмыс істейді.
Облыста арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 6 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Өскемен қаласында, Алтай, Самар, Марқакөл, Үлкен Нарын, Күршім, Катонқарағай, Тарбағатай аудандарында аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар. Сонымен қатар Риддер, Ұлан, Глубокое, Шемонаиха, Зайсан аудандарында жұмыспен қамту бөлімдерінде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдері орналасқан.
Басқармаларға қолданыстағы заңнаманы және ардагерлерге белгіленген жеңілдіктерді түсіндіру бойынша ардагерлермен жүйелі кездесулер өткізу ұсынылды; интернет сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында облыстағы ардагерлермен жұмыс істейтін ұйымдар мен қарттар үйлерінің байланыс телефондарын («сенім телефондары») және мекенжайлары туралы ақпаратты орналастыру тапсырылды.
Облыстық ардагерлер кеңесінің 2024 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2025 жылға арналған міндеттері туралы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.С.Шерубаев баяндады.