Педагогикалық еңбек ардагерлерінің мерейтойлары
Шығыс Қазақстан облысында өздерінің 85 жастық мерейтойларын педагогикалық еңбек ардагерлері Аубакирова Ленста Рахымжанқызы мен Жұмағұлова Мария Жұмағұлқызы атап өтті. Екеуі де Өскемен педагогикалық институтын математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Аубакирова Ленста Рахымжанқызы
Ленста Рахымжанқызы мектепте, комсомол ұйымдарында жұмыс істеген. 1969 жылдан Өскемен педагогикалық институтында мұғалім, аға мұғалім, кафедра меңгерушісі, шет тілдері факультетінің деканы, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, қазақ бөлімдерінде оқу ісі жөніндегі проректордың орынбасары қызметтерін атқарған.
1999 жылдан педагогика кафедрасының профессоры, одан соң педагогика және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының профессоры болды. Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.
Ленста Рахымжанқызының бастамасымен:
- Тәжірибесі ВЛКСМ Орталық Комитеті арқылы таратылған алғашқы аула клубтары;
- Пионерлік төртсайыс бойынша жарыстар ұйымдастырылған «Алтын шайба», «Былғары доп» алғашқы ойындары;
- Қала мектептеріндегі Комсомол белсенділерінің алғашқы лагерлік жиындары;
- Ертіс өзенімен В.Чкалов кемесі арқылы Омск қаласына дейін және кері ұйымдастырылған пионерлер мен мектеп оқушыларының ғылыми экспедициясы;
- Тәрбиелеуге қиын балаларға арналған «Дзержинец» еңбек лагерлері;
- ЦДК жанынан құрылған «Юность» жоғары сынып оқушылары клубы;
- Жоғары сынып оқушыларының еңбек лагерлері және тағы басқа;
Институтта жүзеге асқан төмендегідей негізгі жұмыс түрлерінің ұйымдастырушысы және жетекші болды;
- Тарих-педагогика факультетінің ашылуы үшін оқу жоспарларын құру;
- Студенттердің пионер лагерлерінде жұмыс істеуі үшін оларды дайындайтын алғашқы жиын лагерін ұйымдастыру;
- «Артек» лагерінде студенттердің тәжірибеден өтуі үшін лагерьмен байланыс орнату;
- Институттың университетке өту жоспарларын жасау;
- «Бакалавриат пен магистратура Ережесін» жазу;
- Жоғарғы оқу орындары «Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай» қоғамдастығының төрайымы ретінде қоғамдастықтың жұмысын ұтымды ұйымдастыруы нәтижесінде Республикада үшінші орын алуы;
- Институт «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы төрайымы. Облыс және қала бойынша «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» байқауларын алғашқы ұйымдастырушы.
Ленста Рахымжанқызының жетекшілігімен №34 мектеп-лицейінің, Жамбыл атындағы №3 мектеп-гимназиясының, №43 мектептің, Жамбыл атындағы №3 мектеп-гимназиясы базасында Қ.О.Бітібаеваның авторлық сыныбының Ережелері мен оқу жоспарлары құрылды.
Ленста Рахымжанқызы педагогика мәселелеріне арналған жүзден астам ғылыми статьялар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жазып, басып шығарды.
Ұзақ уақыт университтің ардагерлер бастауыш ұйымын басқарды. Облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі комиссиясының тұрақты мүшесі.
Ленста Рахымжанқызының жетекшілігімен ұйымдастырылған және өткізілген:
- Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арналған мемлекеттік тілде оқытатын мектеп оқушылары арасында өткен ғылыми-практикалық конференциялар;
- Университеттің «Имидж» газетінде ашылған «Соғыстың от-жалынында өткен балалық» айдарының ашылуы.
Ленста Рахымжанқызы Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы.
Мария Жұмағұлқызы
Мария Жұмағұлқызы еңбек жолын Күршім ауданының Топтерек ауылында жетіжылдық мектептен бастаған. Одан кейін Бурабай ауылындағы сегізжылдық мектепте жұмыс істеген. Шығыс Қазақстан облыстық білім беру бөлімінде мектеп инспекторы, кадр бөлімінің бастығы қызметтерін абыроймен атқарған.
1979 жылдан Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық гуманитарлық колледжде мұғалім, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары болды. Ұзақ жылдар Шығыс Қазақстан облыстық мұғалімдердің білім жетілдіру институтында мұғалімдік қызмет атқарды.
Қоғамдық жұмыстармен де айналысты. Мектеп комсомол ұйымының хатшысы, колледж партия ұйымының хатшысы, көркемөнерпаздар үйірмесінің тұрақты мүшесі.
1995 жылы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ардагерлер кеңесінің төрайымы болып сайланады. 29 жыл бойы колледждің ардагерлер кеңесі төрайымының қызметтік функциясын абыроймен атқарып келеді. Ардагерлер кеңесінің төрайымы ретінде үнемі бізбен тығыз байланыста болып, түрлі шаралар ұйымдастырады, студенттердің еңбек ардагерлерімен кездесулерін өткізеді.
Бастамашыл, мейірімді, іскер тұлға ретінде Мария Жұмағұлқызы ардагерлер активы арасында биік бедел мен зор құрметке ие.
Шығыс Қазақстан облыстық және Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.
«Қаз ССР білім беру ісінің үздігі», «СССР-дің арнаулы орта білім берудегі үздік жетістіктері үшін» төсбелгілерімен марапатталған. «Еңбек ардагері», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Ерекше қызметі үшін», «Еңбектегі жетістігі мен табандылығы үшін» медальдарының иегері, «Шығыс Қазақстанның Құрметті ардагері» белгісі бар.