«Мен үшін бейбітшілік деген не?» байқауын қорытындылады

Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі оқушылар арасында «Мен үшін бейбітшілік деген не?» жазбаша шығармашылық жұмыстар байқауын қорытындылады.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың әлемдегі бейбітшілікті сақтау мәселелеріне назарын аудару, мейірімділік бағдарларына бейімдеу, айналасына деген мейірімділігін қалыптастыру, қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Байқау екі  кезеңмен өтті.

Бірінші кезең. Қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдары байқауды ұйымдастырып өткізді.

Екінші кезең. Қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаз оқушылары  қатысты.

Байқау жеңімпаздары:

 

10-14 жас санаты бойынша:

1 орын –– Исаев Дмитрий  «Гуманитарно-технический колледж» ЖШС орта мектеп-гимназисының оқушысы, Шемонаиха ауданы;

2 орын –– Тлеуқанқызы Айзере КМҚК «Шығармашылық орталығы»  оқушысы,  Зайсан ауданы;

3 орын –– Звонцова Анастасия №12 орта мектептін оқушысы,  Риддер қ.;

Айтқазыкызы Шынар – «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ оқушысы, Самар ауданы.

 

15-18 жас санаты бойынша:

1 орын – Каирбаев Расул  Қ.Ақынов атындағы орта мектеп оқушысы, Тарбагатай ауданы;

2 орын –– Исламова Елігай  О.Бокей атындағы  №44 лицей оқушысы, Өскемен қ.;

3 орын – Лебедева Анна – «№ 1 Самар орта мектебі»  КММ оқушысы, Самар ауданы;

Степанов Антон – «Н.А. Островский атындағы № 1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназия» КММ оқушысы, Шемонаиха ауданы.

Байқаудың барлық қатысушыларына дипломдар, сертификаттар, естелік сыйлықтар табыс етілді.