«Асыл әжем» – «Моя бесценная бабушка» эссе байқауын қорытындылады
Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі оқушылар арасында «Асыл әжем» – «Моя бесценная бабушка» эссе байқауын қорытындылады.
Байқауға қалалық, аудандық байқаулардың жеңімпаз оқушыларының жұмыстары ұсынылды. Қазылар алқасы облыс ардагерлерінің кеңестерімен оқушылар арасында «Асыл әжем» эссе байқауын ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Әр эссе өзінше қызықты болды.
Қазылар алқасы шешім қабылдады:
Жүлделі орындар беру:
10-14 жас санаты бойынша:
1 орын – Үлкен Нарын ауданының Үлкен Нарын орта мектебінің оқушысы Гостеев Назарға;
2 орын – Дастанқызы Әнелге – Өскемен қаласы, № 46 мектептің оқушысы;
Екі 3 орын – Черныш Викторияға – Ұлан ауданы Н. Лут атындағы орта мектебінің оқушысы;
Әділова Еркеге – Тарбағатай ауданы Қ. Ақынов атындағы орта мектебінің оқушысы.
15-18 жас санаты бойынша:
1 орын – Жаденова Сабинаға – Марқакөл ауданы Қалжыр орта мектебінің оқушысы;
2 орын – Чудиновский Кириллге – Риддер қаласындағы № 3 орта мектептің оқушысы;
Екі 3 орын – Самар ауданы Ж. Болғанбаев атындағы мектептің оқушысы Ғазизова Назеркеге;
Хорев Алексейге – Шемонаиха ауданы Зевакин орта мектебінің оқушысы.