Ардагерлер пленумы
2023 жылдың 24 қарашасы күні «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті пленумы болып өтті. Күн тәртібіне қойылған «Жастарға патриоттық тәрбие беру бойынша облыстық ардагерлер ұйымдарының жұмысы туралы» төраға А. С. Шерубаев баяндама жасап, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі бағыттары бойынша қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің, бастауыш ардагерлер ұйымдарының атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Төраға өз баяндамасында атқарылған жұмыстарды саралаумен қатар әлі де шешімін күтер мәселелерге, алда тұрған жаңа міндеттерге пленумға қатысушылар назарын аударды. Облыстық ардагерлер ұйымдарына ардагерлер арасындағы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, ардагерлер арқылы Еңбек Адамы идеологиясын жастарға дәріптеу мәселелерін қозғады.
Жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, оқу орындарының әкімшіліктерімен, басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара бірлескен іс-қимыл бойынша әрекет етудің маңыздылығы атап өтілді.
Өмірлік тәжірибесі мол, елі үшін аянбай еңбек еткен ардагерлерді дәріптеу, Қазақстанның ерлік тарихы мен атаулы күндеріне арналған әскери-патриоттық іс-шараларға ардагерлер мен жастардың қатысуын кеңінен қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қойылды.
Күн тәртібіндегі мәселені талқылауға Күршім аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. А. Ақтекенов, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Г. Фролов, Зайсан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Қ. Молдаханов, Риддер қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Т. Г. Шушакова және ШҚО қоғамдық даму басқармасының жастар ресурстық орталығы КММ директоры А. Ә. Әділбековтер осы мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Пленум қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылдады.