2023 жылғы 18-19 сәуірде "Ардагерлер ұйымы" РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жеңіс күнінің 78 жылдығына орай қалалық, аудандық ардагерлер ұйымдарының ардагерлері арасында облыстық шахмат турнирі өтті. Қатысушылардың жасы 63+
Турнирдің мақсаттары мен міндеттері:
- шахматты дамыту және насихаттау;
- салауатты өмір салтын насихаттау және аға буынның спортпен шұғылдануына ынталандыру;
- ардагерлердің белсенді бос уақытын қамтамасыз ету, облыс қалалары мен аудандарының ардагерлер ұйымдарын біріктіру.
Турнир екі кезеңде өткізілді:
І кезең – 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін аудандық және қалалық ардагерлер кеңесі өткізді, жеңімпаздар анықталды.
ІІ кезең –2023 жылдың 18-19 сәуірде облыстық турнир өтті.
Қалалық және аудандық турнирлердің 11 жеңімпаздары қатысты.
Жарыс дөңгелек жүйе бойынша бірнеше кездесулерде (қатысушылар санына байланысты) электрондық сағаттарды қолдана отырып өткізілді.
Әр ойыншыға партияның соңына дейін уақытты бақылау 15 минут берілді.
Жеке кездесудегі жеңіс үшін жеңімпаз 1 ұпай, тең нәтиже үшін 0,5 ұпай, жеңіліс үшін 0 ұпай алды.
Жеңімпаз ең көп ұпай санымен анықталды.
Екі күндік баталия нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:
Бірінші орынды – Кушкенов Дүйсенғали (Ұлан ауданы) және Лавренц Виктор Данилович (Өскемен қаласы).
Екінші орын – Чернов Николай Владимирович (Риддер қ.) және Құсайынов Амангелді (Катонқарағай ауданы).
Үшінші орын – Қизатов Оралғазы Солтанғазыұлы (Өскемен қ.) және Скраглёв Василий Федорович (Шемонаиха ауданы) иеленді.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
