24 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттерімен «Ұрпақтар сабақтастығы – Связь поколений» атты кездесу өтті

Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерін VERITAS шеберлік орталығының жұмысымен ШҚТУ-дың бұрынғы студенті, «Автомобиль және автомобиль өнеркәсібі» мамандығының түлегі, тәжірибелік үлгілеу секторының меңгерушісі, PhD докторы Азаматов Б.Н. таныстырды. Ол университеттің ғылыми-техникалық жетістіктерін көрсетті, қазіргі ғылыми жобалар туралы айтты, жас ғалымдар – университет түлектерімен таныстырды.

Ғылыми кітапхананың залында ардагерлер жас стартаптар командасының қызметімен, «Enactus EKTU» халықаралық студенттік кәсіпкерлік бағдарламасымен танысты. Ардагерлер өздерін толғандырған сұрақтар қойды: болашақ ғалымдар қай мектепте оқиды, мамандық таңдауға не әсер етті, т.б.

Дөңгелек үстелде Д.Серікбаев атындағы ШКТУ ректоры С.Ж. Рахметуллина 2023 жылдың қыркүйегінде университет өзінің 65 жылдығын атап өтетінін атап өтті. Осы жылдар ішінде университет бәсекеге қабілетті инженерлерді, жоғары технологиялық ортада жұмыс істеуге дайындауда, білім беру бағдарламаларының барлық аспектілері бойынша жоғары жетістіктерге жетуде және мәселелерге инновациялық білім беру және зерттеу шешімдерін ұсынуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бұл ретте педагога мамандары, соның ішінде ШҚТУ ардагерлерінің үлесі зор екенің айтып өтті.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.С.Шерубаев ШҚТУ Қазақстандағы жетекші техникалық университет екенін атап өтті. Оның қызметі «білім – ғылым – инновация» деген үш құрамдас бөлікке негізделген. Қызмет барысында университет білім беру және зерттеу құндылықтары мен дәстүрлері жүйесін құрды. Міне, ШҚТУ қабырғасында еліміздің болашағы дүниеге келеді, жана Қазақстанды құрып, дамыту керек адамдар осында білім алады.

Ұрпақтар диалогын белсенді студенттер: жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Аянқызы Аяужан, ректордың студенттік өзін-өзі басқару жөніндегі кеңесшісі Қабдылғазы Тимур, университеттің шығармашыл жастарының өкілдері Қапез Аружан мен Қабдулманат Мұхамет  жалғастырды

Еңбек ардагері, бұрынғы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры  Ю.В. Баталов өз сөзінде университеттің қалыптасу тарихын еске түсіріп, студенттік ортада ғылыми қызметтің қажеттілігіне тоқталды.

Ардагерлер ұрпақтар жақындасуына, ардагерлерді студент жастардың қызметімен, заманауи өндіріске енгізілген жаңалықтармен таныстыруға ықпал ететін мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.